«Балалар бақытымыз» атты ертеңгілік
31.05.2023Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар бақытымыз» атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін кеңейту. Ойын — сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Шарада балабақша меңгерушісі Г.Искакова балалар, білімді, парасатты, салауатты елдің ұлтжанды ұрпағы болып өсулеріңе шын жүректен ойын білдірді.
Балабаша тәрбиешілері Жүсіпова Замзагүл, Әбілқасымова Перизат 1 маусым балаларды қорғау күнімен құттықтай келе, ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға десек, тәрбиешілер екінші анасындай болуға тиіспіз деп жылы лебіздерін білдірді.
Балабақша тәрбиеленушілері Айсана Жұмағали «Бал балалық» әнін орындаса, «Қамажай» биін орындаған қыздар өнерлерін ортаға салды. Омбырбай Айдын «Балдырған» әнін, жігіттерден құралған бишілер «Қара жорға» биін билеп қуантты. Балалар дөңгелене ән айтты, көңілді ойындар ойнады, би биледі. Балабақшадағы мереке сыңғырлаған балалар күлкісімен көмкеріліп, шаттық пен көңілді сәтпен аяқталды.