«Бақытты балалық  шақ» атты әр түрлі ойындар шарасы

01.06.2023 Выкл. Автор editor
«Бақытты балалық  шақ» атты әр түрлі ойындар шарасы

2023  жылдың  1 маусымы күні  Бесарық  ауылдық  кітапханасында  «Бақытты балалық  шақ» атты әр түрлі ойындар шарасы өткізілді.

Мақсаты: 1 маусым-балаларды қорғау күні мерекесін атап өтіп, балаларды  кітапханаға, кітап оқуға тарту, шахмат, шашка ойнап, кроссворд, ребустарды шешіп, сурет салу, жапсыру арқылы ішкі жан дүниесін арттырып, адамдармен, табиғатпен танысып, жақсылық іс істеуге құштарландыруға баулу.

Шара барысында оқушыларға суретті кітаптар, жапсырмалар, журналдар мен ребус, сканворд, кроссворд  ойындары беріліп,  оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасап, өздерінің  ұшқыр ойлы, тапқыр екендігін көрсетсе,   т.б. сурет салу, жапсыру істеріне өте икемді екендіктерін байқатты. Сондай-ақ оқушылар шахмат, шашка ойнап, қол күресуден жарысты.  Шара соңында кітапханашы балаларға  рахметін айтып, сыйлықтар ұсынды .