«Домбыра — уақыт үні, ғасырлар мұрасы» тақырыбында іс-шара

01.07.2023 Выкл. Автор editor
«Домбыра — уақыт үні, ғасырлар мұрасы» тақырыбында іс-шара

1шілде — Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра — уақыт үні, ғасырлар мұрасы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, кітап көрмесі жасақталды.

Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға домбыра аспабының құдіреттілігін ұғындырып, домбыраның шығу тарихымен таныстырып, рухани азық беру.

Шараны Әлшекей атындағы өнер мектебінің ұстазы, күйші С.Отарбаев домбыра күні мерекесімен құтықтап, Әлшекейдің күйін нақышына келтіре орындады. Құттықожа ауылының тұрғыны, тума талант М.Ермаханов «Нурикамал» әнін, Құрманғазының күйі «Адайды» орындады.