«Бата беру дәстүрі қайдан шыққан?» тәлім сағаты

22.06.2023 Выкл. Автор editor
«Бата беру дәстүрі қайдан шыққан?» тәлім сағаты

22 маусым «Ең керемет күн» жобасы аясында «Бата беру дәстүрі қайдан шыққан?» тәлім сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқырманға бата беру дәстүрін қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі ретінде кейінгі ұрпаққа үлгі ету, халық шығармашылығын насихаттау. Асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы балаларды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету.

Кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен өткізілген бұл шарада кітапханашы Ж.Ибраимова  балаларға бата беру дәстүрі жайлы әңгімелеп, батаның араб елінің «фатеке» сөзінен шыққанын, фатеке – деген алғыс айту, ақ тілек білдіру дегенді білдіретінін айтып,  бата түрлерімен таныстырып, оқушылар да өздері білетін баталарын айтып берді.