«Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» атты кітап көрмесі
27.06.202327 маусым күні аудандық балалар кітапханасында нашақорлыққа байланысты «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» атты кітап көрмесі жасақталып, кітапхана оқырмандарына кеңінен таныстырылды.
Мақсаты: балаларға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа баулу.
Кітап көрмесінде Ә,Субханбердинаның «Есірткі – қазіргі заман кеселі», Т.Қ.Бектегеннің «Адамзаттың қас жауы – нашақорлық, араққорлық», «Апатқа апапар үш індет – темекі, арақ, есіріткі», У.Жарқынбайдың «Саулық кілті өз қолыңда» атты кітаптары мен фотосуреттер қойылды.