«Жарқын жазда досым – кітап» атты демалыс сағаты

12.07.2023 Выкл. Автор editor
«Жарқын жазда досым – кітап» атты демалыс сағаты

12 шілде күні «Prime park» демалыс саябағында     «Саябақтағы кітапхана»  жобасы аясында, «Саябақтағы кітап» акциясы бойынша  «Жарқын жазда досым – кітап» атты демалыс сағаты ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру.

Кітапханашы Ж.Ибраимова  шараны жүргізіп, шараның бөлімдерімен таныстырып өтті. «Кітап ғажап дос» атты бірінші бөлімінде балалар кітап туралы тақпақтарын оқыса, «Кім көп біледі» атты екінші бөлімінде мақал-мәтелдердің басын кітапханашы бастап, аяғын қатысушылар жалғастырып кетті. «Тапқыр болсаң шешіп көр» атты үшінші бөлімінде жұмбақтар жасырып, балалар жауаптарын тауып, айтып берді. Дұрыс жауап берген балаларға арнайы сыйлықтар таратылды.