‘Имандылық — асыл қасиет» атты тақырыпта өнеге сағаты
05.07.20232023 жылдың 5 шілде күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ‘Имандылық — асыл қасиет» атты тақырыпта өнеге сағаты өткізілді.
Мақсаты: тілі мен дінін құрметтейтін, иманды, ұлттық қасиеттерді бағалай білетін оқырман тәрбиелеу.
Рухани шарада жастарға қадір-қасиет ұғымын түсіндіріп, адамгершілік қабілетін арттырып, әдеп қағидаларын сақтауды ұғындырып, өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге бағыт беретін ислам діні туралы ақпараттар берілді. Сергіту сәтінде тақырыпқа сай ой-қозғауға арналған бірнеше сұрақтар қойылды. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Кітапхананың тұрақты оқырманы, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Әділханов ата-анаға құрмет, отбасылық құндылық, мейірімділік пен адамгершілік туралы тағылымды ойларымен бөлісті.