«Домбыра дала киесі» атты күй сағат

29.06.2023 Выкл. Автор editor
«Домбыра дала киесі» атты күй сағат

29 маусым күні Манап ауылдық кітапханасында 1-шілде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра дала киесі» атты күй сағат болып өтті.

Мақсаты:  Ұлттық аспап домбыра туралы мағлұмат беру. Қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы-домбыра туралы түсінік беру. Оның шығуы, құрылысы туралы аңыздарға тоқталу. Оқушылардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту.

Шараға ауыл жастары мен №160 орта мектебінің оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатыстырылып, оқушылар «Келіншек», «Балбырауын», «Әлқисса», «Жұмыр қылыш» атты күйлерін орындады.