‘Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты әдеби — сазды кеш

26.06.2023 Выкл. Автор editor
‘Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты әдеби — сазды кеш

Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ақиық ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған ‘Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты әдеби — сазды кеш өткізілді.

Шараның басты мақсаты: оқушыларға Мағжанның өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алғызу. Тағылымды шараға Ақүйік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ерлан Ерескенұлы, N7 «Қызғалдақ»бөбекжайының меңгерушісі, кітапхананың тұрақты оқырманы Г.Момынханова, Семей полигонының ардагері, зейнеткер А.Ұлымбетов, ақын М.Оспанов және оқушылар қатысты.

Шара барысында «Мұрасы бұлақ сынды таудан аққан» атты презентация, «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар» тақырыбында әдеби-монтаж, «Мағжан», «Батыр Баянның жазылуы туралы естеліктер» — деректі фильмдерден үзінділер көрсетіліп, өлеңдері оқылды. Ауыл азаматы, әнші Д.Үншібаев ақын сөзіне жазылған «Бәрінен де сен сұлу» атты әсем әнін шырқап кеш шырайын кіргізді.