«Туған жерім-аялы алтын бесігім» атты дөңгелек үстел

16.06.2023 Выкл. Автор editor
«Туған жерім-аялы алтын бесігім» атты дөңгелек үстел

16 маусым күні Келінтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында  «Туған жерім-аялы алтын бесігім» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу. Асты мұнайға,үсті рухани құндылыққа толы қасиетті,киелі өлке туралы білгендерін ортаға салғызу. Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.

Шараға оқушылар мен тұрақты оқырмандар қатыстырылып, туған жеріміздің тарихы мен осы ауылымыздан шыққан азаматтарымыз жайында пікірлер айтылды.