«Салт – дәстүр – асыл қазына» атты өнеге сағаты
15.06.2023
15 маусым күні Байкенже ауылдық кітапханасында №193 қазақ орта мектебінің «Балдәурен» жазғы лагерінің оқушыларының қатысуымен Салт-дәстүр әдет ғұрыпты насихаттау барысында «Салт – дәстүр – асыл қазына» атты өнеге сағаты өткізілді.
Шара барысында түрлі қазақи салт дәстүрлер жайлы мағлұматтар айтылып, оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Мақсаты: қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерін түсіндіру, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.