«Ұлттық ойындар ұлтымыздың құнды мұрасы» атты сайыс

14.07.2023 Выкл. Автор editor
«Ұлттық ойындар ұлтымыздың құнды мұрасы» атты сайыс

№1 кенттік кітапханасының ұйымдастыруымен «Күн сәулесі кітапта» жобасы аясында «Ұлттық ойындар ұлтымыздың құнды мұрасы» атты сайыс өткізілді.

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу. Ойын арқылы балалардың адамгершілік, адалдық, әділдік, сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық ойындарды ойнай отырып, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып, сал-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру. Балалардың тіл байлықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту.

«Прайм парк» саябағында өткізілген сайыста балалар өз бақтарын сынап, 3-11 жас аралығына дейінгі балалар «Ханталапай», «Жүзік салу», «Алтын сақа» ойындарын ойнаса, ал 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдер «Арқан тарту», «Қол күресу» және т.б. ұлттық ойындарды ойнап, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды.