«Туған жер тарихын білесің бе?» атты интеллектуалды ойын

02.08.2023 Выкл. Автор editor
«Туған жер тарихын білесің бе?» атты интеллектуалды ойын

2 тамыз күні Жаңақорған ауданының 95 жылдығына орай «Прайм парк» демалыс саябағында  аудандық кітапхана мен аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жайнай бер, жасай бер — Жаңақорған» атты инсталляциялық кітап көрмесі мен «Туған жер тарихын білесің бе?» атты интеллектуалды ойын өткізілді.

Мақсаты: Балаларға Жаңақорған ауданының киелі жерлерін, тарихын, мәдениетін, осы өңірден шыққан бабалар мен шешендерді, ақын жазушыларды насихаттау. Балалардың ой-өрісін кеңейту, туған жерінің құндылықтарымен таныстыру, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Шара барысында ойынға қатысып, «Сен ауылың туралы білесің бе?», «Ескерткіштер- елдіктің белгісі «, «Тұғыры биік тұлғалар» атты кезеңдерден тұратын  сұрақтарға дұрыс жауап берген, озып шыққан балаларды алғыс хатпен марапаттады. Ауданның 95 жылдығына арналған қорған бейнелі инсталяция мен білім құдығы инсталяцияларымен кітапханашы Ж.Ибраимова таныстырып өтті.