«Көңіл күні» кітабынан дауыстап оқу

09.08.2023 Выкл. Автор editor
«Көңіл күні» кітабынан дауыстап оқу

Қосүйеңкі ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ балалар әдебиетінің қаламгері, ақын прозашы, аудармашы, сыншы М.Әлімбаевтың 100 жылдық мерей тойына орай тұрақты оқырмандар қатысуымен «Көңіл күні» кітабынан дауыстап оқу ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мұзаар Әлімбаев туралы жас ұрпаққа білімін кеңейтіп, балаларға арналған шығармалары мен олардың жазылу тарихымен таныстыру.  Ақының өмірі мен еңбек жолы, шығармашылығынан мағлұмат  беру.

Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып, оқушылар «Аға ақылы», «Бір мысал», «Ақын», «Домбыра»,  «Тас кітап»,  «Тыңдағы көктем», «Ана жұбанышы»,  «Ағаға», «Еліктің көзі ауырып», «Бата алған бала» атты  өлеңдерін оқыды.