«Боздаланың дүлдүлі» тақырыбында әдеби сазды кеш
11.08.20232023 жылдың 11 тамыз күні Жаңақорған аудынына 95 жыл, Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновтың туғанына 95 жыл толуына орай Түгіскен ауылдық кітапхана мен клуб үйіінің ұйымдастыруымен «Боздаланың дүлдүлі» тақырыбында әдеби сазды кеш өтті.
Мақсаты: Туған өлкеміздің тарихын насихаттау, халық ақыны Манап Көкеновтың құнды мұраларын жас ұрпаққа насихаттау, айтыс өнері туралы мәлімет беру, ақынның өмір жолы мен шығармалары жайлы ақпарат бере отырып, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Кешті клуб үйінің қызметкері Ләззат Қожабаева жүргізіп, ақынның өмір жолы мен шығармалары жайлы айтып, кітапханашы А.Көшербаев көпшілікке «Жүрегі Қызылорданың, Жайқалған-Жаңақорғаным», «Айтыстың асқан дүлдүлі» тақырыбындағы кітап көрмелерімен таныстырды. №209 орта мектептің оқушылары ақынның «Отаным – менің мақтанышым», «Халқым саған», «Қазақстан», «Еңбек тойы», «Жаса мәңгі, Қазағым!» өлеңдерін жатқа оқып, ақын Абдрахман Асылбековтың сөзіне жазылған, сазгер Бексұлтан Байкенжеевтың «Гүлденген Жаңақорған» әнін тебіренте орындады. Сондай-ақ Манап ақын мен Тәттігүл ақынның айтыстарынан үзінді орындады.