«Қазақ журналистикасының қайраткері» атты кітап көрмесі

07.08.2023 Выкл. Автор editor
«Қазақ журналистикасының қайраткері» атты кітап көрмесі

Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданының 95 жылдығына орай қазақ сатирасының сардары, ақын, жазушы Нұрмахан Елтайдың 70 жасқа толуына орай «Қандөз құт мекенім» атты кітаптың тұсауы кесіліп, өмірі мен шығармашылығына арналған ашық аспан астында «Қазақ журналистикасының қайраткері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оның ішінде сатира саңлағының жеткен жетістіктері мен еңсерген белестерін айғақтайтын дипломдары мен марапаттары, кітапхана қорындағы әдебиеттері мен мақалалары орын алды.