«Киелі мекен, қасиетті өлке» ақпараттық сағат
24.07.202324 шілде күні А. Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Өлке тұлғалары» жобасы аясында «Киелі мекен, қасиетті өлке» ақпараттық сағат өтті.
Мақсаты өз өлкесін таныту, оқырмандар мен жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Отан тарихын мақтан ету, мұраларын қастерлеуге үйрету аса маңызды мәселе.
Іс-шара барысында қатысушыларға Жаңақорған ауданының тарихы, оның киелі орындары туралы айтылды. Сондай-ақ, Іс-шара аясында Жаңақорған ауданы туралы, ауданымыздың дамуындағы негізгі сәттерді бейнелейтін, ауданның табиғаты мен киелі жерлері, дарынды адамдар мен ақын-жазушылар туралы баяндайтын басылымдардың көрмесі ұсынылды.
Шара барысында жергілікті ақын, жазушыларымыз туралы оқырмандар да өз ойларын ортаға салып кештің қызықты өтуіне атсалысты.