«Қазақ музыкасының  бас маэстрі» атты кітап көрмесі

28.07.2023 Выкл. Автор editor
«Қазақ музыкасының  бас маэстрі» атты кітап көрмесі

28 шілде күні А. Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында композитор, дарынды дирижер Төлепберген Әбдіраштің туғанына  75 жыл толуына орай «Қазақ музыкасының  бас маэстрі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Мақсаты: Оқырманға қазақ елінің өнер тұлғаларының жетістіктерімен шығармаларын халық арасында насихаттау, әйгілі дирижердің есімдерін халыққа таныту, шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету.

Көрмеге Т.Әбдірашевтың өмір жолы мен шығармалары және де суреттері мен Б.Айнабековтің «Төрлет – бас маэстр, Төлепберген Әбдірашев», А.Сопыбековтің «Жаңақорған тарихнама», «Жаңарған Жаңақорған», Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы және тағы басқада кітаптары мен мақалалары қойылды.