«Тілім менің елдігімнің тірегі» атты тақырыптық кеш

06.09.2023 Выкл. Автор editor
«Тілім менің елдігімнің тірегі» атты тақырыптық кеш

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 6 қыркүйек күні «Парасат жолы» жобасы аясында ҚР халықтарының тілдері күніне орай «Тілім менің елдігімнің тірегі» атты тақырыптық кеш өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетіне, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Мәдени шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, оқушыларға «Тіл – асыл қазына» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды. Шараға №209 мектептің 7-а сынып оқушылары қатысты. Оқушылар М.Мақатаетың «Үш бақытым», «Ана тілім», Д.Әбілевтің «Туған тілім», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі», М.Әлімбайдың «Ана тілі», Қ.Мырза Әлидің «Ана тілің – арың бұл» өлеңдерін жатқа оқыды.  Кеш қонағы балалар өнер мектебінің мұғалімі Г.Шермеғанбетова тіл мерекесімен құттықтап, оқушыларға ана тіліміздің құдіреті, қасиеті туралы айтып өтті. Кітап көрмесіне А.Байтұрсыновтың көп томдықтары, Ә.Бәкірдің «Ана тілім – абыройым менің», Т.Сайрамбаевтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Ө.Айтбайұлының «Тілтірек»,М.Серғалиевтың «Тілім менің – тінім менің», Ж.Манкееваның «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Рабиға Сызэықованың көп томдық кітаптары қойылды.