“Конституция – қуатты қорғаным” – атты құқық сағаты
29.08.2023
2023 жылдың 29 тамыз күні Бірлік ауылдық кітапханасы “Көшпелі сынып сағаты” – жобасы аясында 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай С.Қожанов атындағы N55 мектептің 7 сынып жетекшісі Г.Абсаттаровамен бірлесіп “Конституция – қуатты қорғаным” – атты құқық сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, заң алдындағы жауапкершілікті арттыруға және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар “Бала құқықтары туралы Конвенция”-ның баптары туралы білімдерін жаңғыртты.”Дауыстап оқиық және есте сақтайық” айдармен интерактивтік тақта арқылы құқықтармен танысты.Құқық пен міндетті айыру үшін “Менің құқықтарым мен міндеттерім” атты сергіту ойыны ойнатылды.