“Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты тақырыпта әдеби аукцион
05.09.2023
2023 жылдың 5 қыркүйек күні Бірлік_ауылдық кітапханасы С.Қожанов атындағы N55 мектептің тәлімгері Көркем Искаковамен бірлесіп 6 -7 сынып оқушыларының қатысуымен ҚР Халықтарының тілдері күніне орай “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты тақырыпта әдеби аукцион өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға тілдің маңызын, қадір – қасиетін ұғындыра отырып, ана тілін құрметтеуге оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеп, тіл мәдениетін сақтауға баулу.
Шара барысында “Тіл – барлық білімнің кілті’ атты змыран сұрақтар, “Кім зерек?” – атты мақал- мәтелдердің жалғасын табу, қызықты сұрақтар, “Әдебиет білімпаздары” атты викториналық ойыны ойнатылып “Туған тілім – бабам тілі, өз тілім” – атты тақырыпта кітап көрмесі жасақталып, қатысушылар назарына ұсынылды.”Көрермендермен “Тауып көр” ойыны ойнатылды. Нәтижесінде көп сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытқан оқушыларға аукционға ұсынылған кітаптар сыйға берілді.