«Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты тақырыпта әдеби аукцион

05.09.2023 Выкл. Автор editor
«Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты тақырыпта әдеби аукцион

2023 жылдың 5 қыркүйек  күні Бірлік_ауылдық кітапханасы С.Қожанов атындағы N55 мектептің тәлімгері Көркем Искаковамен бірлесіп 6 -7 сынып оқушыларының қатысуымен ҚР Халықтарының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты тақырыпта әдеби аукцион өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға тілдің маңызын, қадір – қасиетін ұғындыра отырып, ана тілін құрметтеуге оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеп, тіл мәдениетін сақтауға баулу.

Шара барысында «Тіл — барлық білімнің кілті’ атты змыран сұрақтар, «Кім зерек?» — атты мақал- мәтелдердің жалғасын табу, қызықты сұрақтар, «Әдебиет білімпаздары» атты викториналық ойыны ойнатылып «Туған тілім — бабам тілі, өз тілім» — атты тақырыпта кітап көрмесі жасақталып, қатысушылар назарына ұсынылды.»Көрермендермен «Тауып көр» ойыны ойнатылды. Нәтижесінде көп сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытқан оқушыларға аукционға ұсынылған кітаптар сыйға берілді.