«Тілім менің -тұтастығым, теңдігім» атты сұрақтар мен жауаптар кеші

05.09.2023 Выкл. Автор editor
«Тілім менің -тұтастығым, теңдігім» атты сұрақтар мен жауаптар кеші

 Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен тілдер күніне орай, №3 мектеп-интернатта  «Тілім менің -тұтастығым, теңдігім» атты сұрақтар мен жауаптар кеші өткізілді. Шараға 7-8 сынып оқушылары мен мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қатысты.

Мақсаты:  Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Шара барысында кітапханашы  «Бәйге»,  «Достық және «Айгөлек» атты екі топқа бөлініп, берілген сөздер мен жұмбақтарды шешіліп шараға белсенді қатысқан оқушылар алғысхатпен марапатталды.