«Тіл халықтың сан ғасырлық тарихы» атты мәнерлеп оқу

05.09.2023 Выкл. Автор editor
«Тіл халықтың сан ғасырлық тарихы» атты мәнерлеп оқу

Келінтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек ҚР халқының тілдері күніне байланысты «Тіл халықтың сан ғасырлық тарихы» атты мәнерлеп оқу өткізілді.

Мақсаты: жас ұрпаққа ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіру, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, адамгершілік, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Шарада оқушылар ақындардың тіл туралы нақыл сөздері мен өлеңдерін оқыды. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынов айтқандай «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек». «Тіл – ұлттың жаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған шолу жасалды.