«Азат елдің-ар намысы Ата Заң» атты кітап көрмесі
29.08.2023Конституция – әрбір мемлекеттің ең басты заңы. 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде елімізде жаңа Конституция қабылданды. Биыл конституцияның қабылданғанына 28 жыл толып отыр, аталмыш мерекеге байланысты М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты кеш ұйымдастырылып, мәдениет үйінің фойесінде А.Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың «Азат елдің-ар намысы Ата Заң» атты кітап көрмесі жасақтады. Көрмеге «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», «Қазақтың Ата Заңдары», «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Жеті жарғы» сынды кітаптар қойылды.