«Сиқырлы кітаптар елінде» атты кітапханаға саяхат

14.09.2023 Выкл. Автор editor
«Сиқырлы кітаптар елінде» атты кітапханаға саяхат

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасы «Марғұлан»  бөбекжай балабақшасының тәрбиешілерімен бірлесіп «Балалыққа кітаппен барар жол» жобасы аясында қыркүйек айының 14-і күні  «Сиқырлы кітаптар елінде» атты кітапханаға саяхат өткізілді.

Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету,  кейіпкердің мінез — құлқын сезіндіру, ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Балаларға ертегі кітаптар таныстырылып жас ерекшеліктеріне байланысты ертегі кітаптар ұсынылды. Тәрбиеші балаларға ертегі оқып берді. Барлығы қызықты әрі көңілді болды.