«Ұлағатты отбасы — ұлт құндылығы» атты тақырыпта кездесу кеші

15.09.2023 Выкл. Автор editor
«Ұлағатты отбасы — ұлт құндылығы» атты тақырыпта кездесу кеші

Бірлік ауылдық клубында 2023 жылдың 15 қыркүйек Отбасы күніне орай Бірлік ауылдық клубы мен кітапхана, ауылдық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұлағатты отбасы — ұлт құндылығы» атты тақырыпта кездесу кеші болып өтті. Ауылдағы үлгілі, өнегелі жанұя, 40 жыл бірі есепші, бірі балабақша меңгерушісі болып, бүгінде зейнеткерлік жасқа жетіп, немере тәрбиелеп отырған Нысанбай Мәліков пен Гүлсім Тайбековалардың отбасына арналған бұл кеште жанұя жарастығы, сыйластық, түсіністік пен бала тәрбиесі жайлы еркін форматта әңгіме — сұхбат жүргізілді. «Сұрақ-жауап» — жұлдызды сәтінде ерлі-зайыптылар ерекше естеліктерімен бөлісті.Олар отбасы құндылықтары, береке бірлікте бала тәрбиелеудің қыр–сыры жайлы әңгіме өрбітті. Әдемі әзілдер, қызықты естеліктермен әсерлі өткен бұл кеште клуб қызметкерлері жанды дауыста ән шырқаса, Гүлсім Тайбекова өз өлеңдерін оқып, ақындық өнерін де паш етті. Кеш соңында «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Г.Момынханова, клуб директоры М.Беделбеков, кітапханашы, әйелдер кеңесінің төрайымы К.Сұлтанбаевалар құттықтау сөз сөйлеп қонақтарға сый-сияпат жасады. Тату-тәтті отбасы мүшелері жайлы арнайы слайд көрсетіліп, суреттері мен Алғыс хат, кітаптарынан кітап бұрышы ұйымдастырылып, альбом жасақталды.