«Шынықсаң шымыр боларсың» атты эстафеталық ойын 

12.10.2023 Выкл. Автор editor
«Шынықсаң шымыр боларсың» атты эстафеталық ойын 

12 қазан күні «Қыран» мектебінде 3 сынып оқушылары мен тәрбиешісі Алдаберген Тұрсынайдың қатысуымен   «Шынықсаң шымыр боларсың» атты эстафеталық ойын   өткізілді.   

Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спорттағы достық қарым — қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Шара аясында балалар «Сұңқар» және «Тұлпар» болып екі топқа бөлініп, «Шегірткелер», «Қасықпен су тасу», «Доппен жүру», «Қаппен секіру» атты төрт кезеңнен қамтылды. Шара соңында әділ қазылардың шешімімен екі топ тең түсті. Балаларға шағын сыйлықтар үлестірілді.