«Туралықты тұғыр еткен Төле би»» атты өнеге сағаты

10.11.2023 Выкл. Автор editor
«Туралықты тұғыр еткен Төле би»» атты өнеге сағаты

2023 жылдың 10 қараша күні Манап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруы Төле бидің туғанына 360 жыл толуына орай  «Туралықты тұғыр еткен Төле би»» атты өнеге сағаты болып өтті. Мақсаты: Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері жайлы түсіндіру, мәлемет беру. Оқушылардың ойын, тілін, шығармашылық қабілетін дамыту. Адамгершілікке, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында, кітапханашы Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болғандығын, Төле би өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер ойшыл адам болғаны жайлы баяндады.