«Ең керемет күн» жобасы аясында «Кітаппен дос отбасы» атты бенефис шоу

15.11.2023 Выкл. Автор editor
«Ең керемет күн» жобасы аясында  «Кітаппен дос отбасы» атты бенефис шоу

15 қараша күні «Ең керемет күн» жобасы аясында «Кітаппен дос отбасы»  атты бенефис шоу өткізілді. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары №169 Н.Иляледдинов атындағы мектептің Сабыр отбасының мүшелері Сабыр Нұршапағат, Шакира, Нұрасыл және ұстаздары М.Сейітова, М.Құрбантаева, мектеп тәлімгері Л.Жантелова, мектеп кітапханашысы Б.Оспанова мен «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Ә.Рзаева  мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Шара барысында «Сағыныш-С» балабақшасының тәрбиеленушісі   Бақтияр Динараның  «Бақ құсы» биімен басталған шараны кітапханашы Ж.Тулешова жүргізіп, шараға қатысушы үздік оқырмандарға  «Қай жылдан бастап осы кітапхананың оқырманысың?», «Кітапханадан қай саланың кітаптарын алып тұрасың?», «Іздеген кітаптарыңызды тауып жүрсің бе?», «Менің ең сүйікті кітабым деп қай кітапты айта аласың?», «Сіздердің кітап оқуыңызға, кітапқұмарлығыңызға ықпал еткен орта кімдер?» деген сұрақтар қойылып, толымды жауаптар алынды. «Менің  сүйікті кітаптарым» атты  Cабыр отбасының оқыған кітаптарынан жасалған кітап көрмесі  таныстырылды.  Рухани азығын кітаптан алып жүрген  бенефис-шоудың  басты қонақтарының   өнерін тамашалады.  Шара соңында шараға қатысушы ұстаздар  ұйымдастырушыларға алғысын білдірсе, оқырмандарға асыл қазынамыздан нәр алып, сусындап, еліміздің болашағы, ертеңі үшін жасап жатқан игіліктері үшін рахмет айтып  А.Сопыбеков атындағы кітапхана директоры Әсем Манапқызы Алғыс Хатын табыс етіп, балалар кітапханасының  ұжымы сый-сияпат көрсетті.