«Жан жылуы бар балаға» атты дивертисмент кеші

01.12.2023 Выкл. Автор editor
«Жан жылуы бар балаға» атты дивертисмент кеші

1 желтоқсан күні 3 желтоқсан – мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күніне орай «Жан жылуы бар балаға» атты дивертисмент кеші өткізілді. Шараға Жаңақорған ауданының   психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мамандары  мен ерекше балалары, «Сағыныш-Ш» балабақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері , «Дарын-Sсhool” жеке мектебінің 2 сынып оқушылары мен кураторы М.Асқарова қатысты.  Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Шараны балалар кітапханасының меңгерушісі М.Жиенбаева ашып, «Дарын-Sсhool” жеке мектебінің 2 сынып оқушылары мен И.Нұрдәулеттің орындауындағы «Қызыл раушан» әнімен басталды. «Сағыныш-Ш» балабақшасының бүлдіршіндері «Жаңбыр жауса таңертең» биін билеп, Ә.Мұрат «Менің досым» әнін айтып берді. Кітапханашы Ж.Тулешова  «Дәрумендер бағы», «Суретті дұрыс құрастыр», «Кейіпкерді тап» атты ойындарды ойнатты. «Дарын-Sсhool” жеке мектебінің 2 сынып оқушылары «Стиляга» биін билеп көпшіліктің құрметіне бөленді. Балаларға кітапхана ұжымының атынан сый-сияпаттар, тәттілер, жемістер  тарқатылды.