«Жүрек жылуы дертке дауа» тақырыпта қайырымдылық акциясы
17.11.2023Сүттіқұдық ауылдық кітапханашысы Ибрагимованың ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы дертке дауа» тақырыпта қайырымдылық акциясын өткізді. Шараның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасап, жаралы жандардың жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келгенше жәрдемдесу. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халық. Қайырымдылық халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Жүрегі жаралы балалардың қамқоршысы болып аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну сауабы мол азаматтық парыз.