«Періште мінезді балалар ақыны» атты көркем сөз оқудан байқау

17.11.2023 Выкл. Автор editor
«Періште мінезді балалар ақыны» атты көркем сөз оқудан байқау

2023 жылдың қараша айының 17-ші күнінде М.Нәлібаев ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Адырбек Сопыбековтың «Періште мінезді балалар ақыны» атты ақынның  өлеңдерін оқудан көркем сөз оқу байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: өзіміздің жерлесіміз, балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың  өлеңдерін жаттату, шығармаларын кеңінен  насихаттау.

Шара барысында 3 кезеңнен тұратын байқау «Өлеңнен керемет сыр өрілген» атты көркем сөз оқу кезеңіне «Кітап», «Менің әліппем» өлеңдерін,  «Балаларға базарлық» атты  көркемсөз оқу кезеңінен мысалдар, жұмбақтар, ертегі аңыз өлеңдерінен жатқа оқыса, «Балалар әлеміне саяхат» атты кезеңінде «Айға сапар» фантастикалық  поэмасынан үзінді оқылып, байқау қортындысы бойынша  орын иегерлеріне сый-сияпаттар жасалды