Қариясы бар ел – қазынасы бар ел
02.10.20231 Қазан — Халықаралық қарттар күні «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» демекші , өсиет еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Қарттарымызды қадірлеу мақсатында А.Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен талай жасты тәрбиелеп, бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған, кітапханамыздан зейнетке шыққан Оспанова Закира апайымызды. Қарттар күнімен құттықтадық. Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
Мақсаты: Жастардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!