“Көркем сөздің құлагері” атты кітап көрмесі
04.10.2023
А.Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №169 Н.Илялетдинов атындағы мектеп оқушыларының қатысуымен жазушы драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай “Көркем сөздің құлагері” атты кітап көрмесі жасақталып, кітапханашы А.Шарап оқушыларға библиографиялық шолу жасады.
Мақсаты: Оралхан Бөкей мұраларының қазақтың сөз өнері үшін жаңа, табиғаты ерекше туынды екендігін айқындау, өнегесі мол өмірі мен шығармаларының құндылығын таныту.
Көрмеде автордың шығармалары, сондай-ақ әдебиеттанушылардың жазушының шығармашылығы туралы мақалалары бар кітап және мерзімді басылымдар қойылды. Кітапханамыздың кітап қорындағы О.Бөкейдің «Жазушы» баспасынан шыққан 7 томдық шығармалар жинағы, «Атау-кере», «Қайдасың қасқа құлыным», «Человек-олень», «Өз отыңды өшірме», «Қар қызы» атты кітаптары көрмеден орын алды.