“Дәрігер Бақбаев” атты кітабының тұсаукесері

09.10.2023 Выкл. Автор editor
“Дәрігер Бақбаев” атты кітабының тұсаукесері

9 қазан күні Жаңақорған ауданының А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапханасында ақын, журналист Мағираш Тұрсынованың “Дәрігер Бақбаев” атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Шараны аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова ашып, аты аңызға айналған дәрігер Молдахмет Бақбаевтың өмірі, қызметтік жүріп өткен жолына арнайы тоқталды. Шараға Бақбаевтың жары Үрбала Есенбаева, қыздары Күләш, Сұлушаш Бақбаевалар, ақын Ф.Сахиев, Жазушылар Одағының мүшесі Е.Қалдыбек, Үрбала апайдың шәкірттері мен кент әкімдігінің қызметкері А.Мамирова қатысып, кітаптың басты кейіпкері – “Ынтымақта” туып” Қосүйеңкіде” өмір сүрген, бар ғұмырын адам денсаулығына арнаған, өмірі – аңыз, дәрігер – Молдахмет Бақбаевтың қиын қыстау заманда өмір сүріп, “жазылмайды” деген, науқастарды аяғынан тұрғызып, есімі ел есінде жатталып қалған аса қадірлі жан екендігі жайлы айтылып, естеліктерімен бөлісті. Шара соңында Жақсыгүл Бегманова атындағы “Ақ әжелер” ансамблі “Ана” “Сәулем-ай” әндерін жолдады.