«Қасқыр мен егінші»  атты қуыршақтар қойылымы

23.01.2024 Выкл. Автор editor
«Қасқыр мен егінші»  атты қуыршақтар қойылымы

23 қаңтар күні «Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында «Қасқыр мен егінші»  атты қуыршақтар қойылымы өткізілді.

Мақсаты: Балаларға ертегі арқылы кітап оқуды насихаттау, еңбек етуге баулу, қуыршақ қойылымын көрсету арқылы бүлдіршіндердің танымдық белсенділігін арттыру. Шараға «Бақнұр» жеке  балабақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қатысты. Шараны бөлім басшысы М.Жиенбаева ашып, кітапханамен таныстырып өтті. Кітапханашылар «Қасқыр мен егінші»  ертегісінен  қойылым қойып, түрлі ойындар ойнатты. Балалар да өз кезегінде  өнерлерін көрсетіп ән айтып, би билеп, тақпақ  айтты.