«Жастық пен бақыт жыршысы» әдеби дилижанс

25.01.2024 Выкл. Автор editor
«Жастық пен бақыт жыршысы» әдеби дилижанс

25  қаңтар күні қазақ жазушысы, ақын, қоғам қайраткері  Саттар Ерубаевтың туғанына  110 жыл толуына орай №286 мектептің кітапханасында   «Жастық пен бақыт жыршысы» әдеби дилижанс өткізілді.

Мақсаты: Саттар Ерубаев туралы білімдерін толықтыру,  шығармаларын насихаттау, өнегелі өмірін үлгі ету,  сұрақтарға жауап беру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту. Шараға 6 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы М.Сыздыкбаева, тәлімгер М.Шайдарова.  6 а сынып жетекшісі М.Юсупова қатысты. Кітапханашы  Ж.Тулешова  шараны жүргізіп,  жазушының өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар Саттар  Ерубаевқа арналған  бейнероликті тамашалап, сұрақтарға жауап берді. Жазушының шоқтығы биік шығармаларынан өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Шараны мектеп тәлімгері М.Шайдарова қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.