«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбында кітап көрмесі

05.01.2024 Выкл. Автор editor
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбында кітап көрмесі

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 5 қаңтар күні «Парасат жолы» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауына орай «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбында кітап көрмесі жасалып, мәдениет қызметкерлеріне және оқырмандарға таныстырылды.

Мақсаты: ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын көпшілікке кеңінен насихаттау, сратегияляқ құжаттың еліміздің саяси экономикалық, қоғамдық – құқықтық және рухани – мәдени бағдары, әрбір Қазақстан азаматының өмірін жақсартуға бағытталғанын түсіндіру.

Шара барысында кітапханашы оқырмандарға «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбында жаслған кітап көрмесімен таныстырып, Жолдаудың негізгі басым бағыттары, міндеттері мен берілген тапсырмалар туралы айтып берді.