«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кітап көрмесі
11.01.2024Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қаңтар айының 11-і күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауын насихаттау мақсатында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырмандарға Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын кеңінен таныстыру, насихаттау, түсіндіру.
Кітап көрмесінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы кеңінен талқыланып, кітапханашы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кітап көрмесіне шолу жасады.