«Қысқы көріністер»  атты сурет салу шарасы

07.02.2024 Выкл. Автор editor
«Қысқы көріністер»  атты сурет салу шарасы

Бесарық бекеті клуб үйі мен ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен  ақпан айының 7-сі күні «Адал адам»  мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының  «Әлем-Book» жобасы аясында «Сырлы бояу» сурет үйірме мүшелерінің қатысуымен «Қысқы көріністер»  атты сурет салу шарасы өткізілді.

Мақсаты:оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты түсіндіру. Қазақстандық суретшілер туралы кеңінен мәлімет беру. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылық сезімдерін ояту.

Шара барысында «Сырлы бояу» сурет үйірмесінің жетекшісі Ж.Сыздықов үйірме мүшелеріне тақырыпқа байланысты қыс мегізілі жайлы жан-жақты, қызықты мәліметтер берді. Суретті өз қиялдары арқылы салуға кеңес беріп өтті және қыстың қызықтары мен көріністерін айтып, «Қар ханшайымы» ертегісі оқылып, талдау жұмыстары жасалды. Үйірме мүшелері шарадан керемет әсер алып, тамаша көңіл-күймен қайтты.