«Өмірі өнегеге толы» тақырыпта сыр сұхбат

07.02.2024 Выкл. Автор editor
«Өмірі өнегеге толы» тақырыпта сыр сұхбат

7 ақпан күні аудандық орталық кітапхананың коворкинге орталығында «Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы», «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, еңбек ардагері Әзия Қыстаубаева апамыздың қатысуымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Сұхбат Time» жобасы аясында «Өмірі өнегеге толы» тақырыпта сыр сұхбат болып өтті.

Шараны ҚР Мәдениет саласының үздігі, М.Көкенов атындағы шығармашылық ұжымының директоры У.Ибрагимов жүргізіп, Әзия Қыстаубаева еңбек жолын қарапайым механизатордан бастап, «Сунақата» ауылдық округінің әкімдік қызметін 25 жылдан аса атқарғандығы, қызмет атқарған жылдарда ауылдың өсіп өркендеуі мен ауыл халқының тұрмыс тіршілігі мен әлеуметтік, экономикалық жағдайларының жақсаруына аянбай еңбек етіп, тер төгіп, екі рет аудандық мәслихат депутаты болғанды жайлы баяндады. Сыр-сұхбат барысында Әзия апамыз өзінің еңбек жолымен бірге тәрбие жұмыстарын да қатар алып жүргендігін айта келе, сапалы білім мен саналы тәрбие алу және жетістіктер мен табысқа жету үшін адал да табанды еңбек ету керектігі жайлы өз өмірін өнеге етті. «Сұхбат Time» жобасы аясында өткен шара кейіпкеріміз Әзия анамыздың орындауында Е. Хасанғалиевтың «Анаға сәлем» әнімен тәмамдалды.