«Қазақтың көрнекті қаламгері» атты поэзия кеші

05.02.2024 Выкл. Автор editor
«Қазақтың көрнекті қаламгері» атты поэзия кеші

5 ақпан күні Келінтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлем-Воок» жобасы аясында  ақын Әбділда Тәжібаевтың 115 жыл толуына орай «Қазақтың көрнекті қаламгері» атты поэзия кеші өткізілді.

Мақсаты: Оқырманға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер беру, оқушыларды кітап оқу арқылы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізуге, тіл мәдениетін қалыптастыруға насихаттау.

Шара барысында ақынның «Қазақстан», «Жаңбыр», «Алматы» атты өлеңдерін оқып, клуб үйінің әдіскері Ш.Сағынтаева ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып шықты. «Сыр сүлейі» атты кітап көрмесіне кітапханашы Уалишерова шолу жасады.