«Сұхбат-Taim» жобасы аясында

08.02.2024 Выкл. Автор editor
«Сұхбат-Taim» жобасы аясында

Қыраш ауылдық кітапхансында «Адал_адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Сұхбат-Taim» жобасы аясында еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Әлия Садырбаевамен сұхбат жүргізілді.

Мақсаты: жас ұрпаққа тәлімі мен тәрбиесі мол еңбек ардагерінің ісін үлгі ету, еңбекке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сыр-сұхбат барысында Әзия апамыз өзінің еңбек жолымен бірге тәрбие жұмыстарын да қатар алып жүргендігін айта келе, сапалы білім мен саналы тәрбие алу және жетістіктер мен табысқа жету үшін адал да табанды еңбек ету керектігі жайлы өз өмірін өнеге етті. Казіргі уақытта зейнетке шықсада «Тоғжан» атты өнер орталығын ашып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға үйретуде.