«Зейнет жаспен құлпыра берсін сәніңіз»

08.02.2024 Выкл. Автор editor
«Зейнет жаспен құлпыра берсін сәніңіз»

Қожамберді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Сұхбат-Таim»жобасы аясында «Зейнет жаспен құлпыра берсін сәніңіз» атты тақырыпта 162 орта мектебінде 35 жылдан астам кітапханашы болып қызмет атқарған зейнеткер Оразбаева Ханзада апаймен сыр-сұхбат өткізілді.

Мақсаты: Мектеп кітапханасында 35 жылдан астам қызмет еткен зейнеткер апайдың еңбек жолын өскелең ұрпаққа насихаттау. Жастарды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы бүгінгі рухани өміріміздің өзегі іспеттес, ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырмандарына таныстырып табыстаушы өзіндік тұлға ол кітапханашы екендігін айтып, Х. Оразбаевамен сыр-сұхбат алынып ой бөлісті.