“Өнегелі өмір жолы” атты әдеби кеш

26.01.2024 Выкл. Автор editor
“Өнегелі өмір жолы” атты әдеби кеш

26 қаңтар күні Жаңақорған ауданы Жайылма ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ақын Әбділда Тәжібаевтың 115 жылдығына орай “Өнегелі өмір жолы” атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: Ақын Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқына, отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Кеш барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оқушылар  ақын өлеңдерін жатқа оқып, «Сырдария», «Сыр жырлары» атты әндерді шалқыта орындап, көрермен қауымның ықыласына бөленді.