«Ұлттық тәрбие көзі-рухани жаңғыруда» атты дөңгелек үстел
18.01.202418 қаңтар күні Жайылма ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай «Ұлттық тәрбие көзі-рухани жаңғыруда» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Кітапханашы кіріспе сөзінде маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезеңінде қоғамдық сананы да жаңғырту мәселесінің маңыздылығына тоқталды. Шараға қатысушы оқырмандар өзекжарды ойларын ортаға салып, іс-шара қызу талқыға түсіп, рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласының маңызды тұстарына тоқталып өтті. Шара соңында «Рухани жаңғыру — ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмеге шолу жасалды.