«Менің атым Қожа» атты повесінен әдеби талдау
20.02.20242024 жылдың 20 ақпан күні «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем BOOK» жобасы аясында қазақ әдебиетінің классигі, балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Менің атым Қожа» атты повесінен әдеби талдау болып өтті. Шараның мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып оқушыларға кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар Б.Соқпақбаев шығармашылығымен танысып, алдын-ала дайындалған сұрақтар бойынша жауап беріліп, шығармалардың жазылу тарихын, ондаған кейіпкерлер жайлы өз пікірлерін ортаға салып, пікір алмасып қызу талқыға салды. Сондай-ақ кітапханашы «Балалар әдебиетінің атасы» атты кітап көрмесімен таныстырды.