«Бейнелеу өнерінің падишахы» атты шара

16.02.2024 Выкл. Автор editor
«Бейнелеу өнерінің падишахы» атты шара

«Парасат жолы» жобасы аясында Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен, Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай  «Бейнелеу өнерінің падишахы» атты шара болып өтті. Мақсаты: Оқырманға қазақтың әйгілі кескіндемеші, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің қаламынан туған шығармаларымен таныстыру.

Көрмеге қойылған жастардың туындылары бірнеше бағытта қамтылды. Оқырмандарымыз сурет және кескіндеме, қолөнер және компьютерлік графика бағыты бойынша еңбектерін ұсынды. Көрмеге белсенді қатысып, туындысы үздік деп танылған оқырмандарға арнайы алғыс хат пен ынталандыру мақсатында қаржылай сыйлық табысталды.