«Бүгінгі оқырман – ертеңгі қаһарман» атты дөңгелек стол
26.02.202426 ақпан күні «Адал адам» мәдени тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-Book» жобасы аясында, «Ең керемет күн» жобасы аясында «Отбасылық оқу-ұрпақтардың рухани жалғасы» айдары бойынша «Бүгінгі оқырман – ертеңгі қаһарман» атты дөңгелек стол өткізілді. Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау, рухани және мәдени құндылықтарды дәріптеу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап сүйгіш оқырмандардың бірегей сұхбат алаңын жасау. Шараға қатысушылар кітап оқуға қызығушылық неге азайды, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін не істеу керек, кітап пен ғаламтордың қайсысы пайдалы, кітапты ғаламтор алмастыра ала ма деген сұрақтарды талқылап, өз ойларын ортаға салып, баланың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға арналған әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ №51 М.Қаратаев атындағы мектептің оқушысы Омар Іңкәр «Кітапханам» деген өлең оқып, мемлекеттік тіл оқытушысы Айгүл Тулепбергенова қызықты ойындар ойнатып, кітапханашы Ж.Тулешова кітап оқудың жеті пайдасы жөнінде әңгімелесе, тұрақты оқырманымыз З.Адасқанова кітапханашыларға алғысын білдіріп, шараны қорытындылады.